05.09.2019

МЕНІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫММЕН ЖАНКҮЙЕР БОЛУ ДА МҮМКІН ЕМЕC

Жеңіс ЫСҚАБАЙ, «Қазақстан Барысы» жобасының тұрақты фотогрофы: 

-Қазақстан Барысы» жобасын неше жыл суретке түсірдіңіз?
-Алғашқы турнирде, яғни, Ұлан Рысқұл «Қазақстан Барысы» атанған жылы жобаға қатысқан жоқпын.
-Алғашқы жобада қандай әсеріңізді айтып беріңізші...
-Жобада басты қызықтырған дүние, әртүрлі балуандардың көп жиналуы болды.  Олар салмақ тұрғысынан да, болмыс жағынан да, әдіс-тәсіл, күш-айла жағынан да әртүрлі. Сосын көп жарыстарда кездеспейтін сапалы жарықтың қойылғаны қатты дұрыс болды.
-Жоба барысында әттеген-айлардың да болатыны белгілі...
-Иә, өкінішке орай балуандар ешқашан фотографтың ыңғайына қарай әдіс жасамайды. Сол себепті де жобаның барлық мезетін, кілем үстіндегі әр сәтті қамту мүмкін емес. Бірнеше фотограф кілемді қоршап алғаны жақсы болар еді. Әзірге бұл жоба бірнеше фото маманды көтере алмайды.
-Осы аралықта қандай кадр жасай алмадыңыз?
-Үздіксіз түсіріп келе жатырмын ғой, көптеген кадрлар көңілден шықты, десе де жоғарғы нүктеден түсіре алмадым. Бұл алдағы уақытта орындалатын мақсат деп ойлаймын.
-Ең көңіліңізден шыққан кадр қай жылы түсірілді? Ол қандай сурет?
-Атыраулық Кенжебектің жеңген сәті есте қалды. Әзірге, жоба барысындағы ең сәтті суретім сол болды деп ойлаймын.
-Қай балуанның жанкүйерісіз?
-Ешкімді бөле алмаймын. Балуандардың барлығы дерлік өңірлерден сыналып, әбден ысылып, осы басты додаға лайық болып келгендіктен, бірін мықты, бірін әлсіз деп бөлуге болмас. Оның үстіне жоба барысындағы менің жылдамдығыммен жанкүйер болу да мүмкін емес.
-Қайсы балуан таң қалдырды?
-Оңтүстіктің балуаны – Жұманазар Ерсұлтанов. Турнир тарихындағы аса ауыр салмақты балуандардың бірі. Алып болса да өте епті. Эмоциясы күшті. Кілем үстінде де, сыртында да өзін бірқалыпты ұстайды.

-Жоба жайлы жалпы пікіріңіз?
-Өте мықты ұйымдастырылған жоба. Тойларда, өңірлердегі шағын іс-шараларда, астарда ғана күресіп жүрген жігіттерді бүкіл елге танытты. Ұлттық спорттың дамуына ықпал етті және мұнан кейін ғана осы тектес жобалар жарыққа шыға бастады.
-Бұл сынға өзіңіз қалай дайындаласыз?
-Ең алдымен, қаруларымды реттеймін. Екінші, ыңғайлы киім. Алаңды алдымен жан-жақты зерттеп аламын. Содан соң жоспар құрамын. Менің қоржынымда әр балуанның түрлі келбеттегі суреттері болуы үшін біраз тер төгуге тура келеді. Себебі жеңімпаздың жүріп өткен жолы маңызды.
-Басқа жұмыстарыңызбен (жобалар) салыстырғанда «Қазақстан Барысының» ерекшелігі қандай?
-Әзірге теңдессіз жоба.
-Рахмет!

Следите за нашими новостями:

 
 
 
 
 

Нас поддержали

 
 
 
 
 

© Фонд развития қазақ күресі “Қазақстан барысы” 2010-2019