06.06.2019

Балуандар салмақ өлшеу рәсімінен өтті


         8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы, «Барыс Арена» көпсалалы мұз сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді.
         Турнир Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне және халықаралық аренадағы беделін көтеру мақсатында өткізіледі.
         Тоғызыншы рет өткен бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 33 үздік балуан қатысады, оның ішінде күштік құрылымдар арасында өткен турнир жеңімпазы да бар.
         Күрес мерекесі басталмай тұрып балуандар "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
         Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Шығыс қазақстан облысынан Қажыбаев Ерасыл 151 келі болса, Батыс Қазақстан облысының балуаны Хамзин Ерназар 90 келі тартып, ең жеңіл салмақ көрсетті.
         Салмаққа емес күшке, білекке, жүрекке, әдіске, айлаға негізделген күрес мерекесі 8 маусым күні "Барыс - арена" мұз сарайында өтеді.

Следите за нашими новостями:

 
 
 
 
 

Нас поддержали

 
 
 
 
 

© Фонд развития қазақ күресі “Қазақстан барысы” 2010-2019