04.06.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі

 

             Турнир Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне және халықаралық аренадағы беделін көтеру мақсатында өткізіледі.
         Биыл турнирге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан 35 үздік балуан қатысады, оның ішінде күштік құрылымдар арасында өткен "Әскер Барысы" турнирінің жеңімпаздары да бар.
         Турнир ережесі бойынша өткен жылғы жеңімпаз балуан жарысқа іріктеусіз қатыса алады, алайда, 2018 жылғы "Қазақстан барысы" - қарағандылық Шынкеев Ержан жарақат алуына байланысты турнирге қатыса алмайтынын хабарлады.
         Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орын иегерлері сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 000 теңге беріледі.
                                                    №           Орын              Жүлде                  Жаттықтырушы
                                                   1            І орын          25 000 000                 3 500 000
                                                   2           ІІ орын           5 500 000                  1 800 000
                                                   3           ІІІ орын          1 800 000                   900 000

         Турнир 8 маусымда 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімінен басталмақ. Тартысты белдесулер алты сағатқа созылады деп жоспарланған. Шара аясында спорттық сайыстармен қатар концерттік бағдарлама мен керемет шоу өтеді деп күтілуде. Өтетін орны «Барыс Арена» көпсалалсы мұз сарайы (Тұран даңғылы 57) .

Шынкеев Олжас
Нұр-Сұлтан қаласы

Сейтен Айбат
Нұр-Сұлтан қаласы

Әбдіразақов Руслан
Алматы қаласы

Нұралинов Дәурен
Алматы қаласы

Мұзаппаров Ерсұлтан
Шымкент қаласы

Ыстыбаев Әділжан
Шымкент қаласы

Сұлтан Жәнібек
Ақмола облысы

Нұрланұлы Бекбол
Ақмола облысы

Шоқпытов Шыңғыс
Ақтөбе облысы

Темірханов Дархан
Ақтөбе облысы

Қабдолдаев Ернар
Алматы облысы

Аманжолұлы Нұрсұлтан
Ақмола облысы

Ізғалиев Руслан
Атырау облысы

Салықов Бекболат
Атырау облысы

Сүлейменов Олжас
Б.Қ.О.

Хамзин Ерназар
Б.Қ.О.

Айтбек Айбол
Жамбыл облысы

Жақыпов Дәулетхан
Жамбыл облысы

Исағабылов Мақсат
Қызылорда облысы

Сәлімгерев Нұрым
Қызылорда облысы

Балғынбаев Ғабит
Қостанай облысы

Абдиров Асылбек
Қостанай облысы

Ахметбеков Бекзат
Қарағанды облысы

Мұхаметжанов Ерсін
Қарағанды облысы

Аманов Асхат
Маңғыстау облысы

Жарылғапов Нұрдәулет
Маңғыстау облысы

Дәлелханұлы Мұхтар
Павлодар облысы

Мамедов Самир
Павлодар облысы

Бегайдаров Ернар
С.Қ.О.

Тұрсынов Мұхит
С.Қ.О.

Әбдіғани Бейбарыс
Түркістан облысы

Жамалхан Дархан
Түркістан облысы

Нұғымаров айбек
Ш.Қ.О.

Қажыбаев Ерасыл
Ш.Қ.О.

Амренов Талғат
"Әскер барысы"

Следите за нашими новостями:

 
 
 
 
 

Нас поддержали

 
 
 
 
 

© Фонд развития қазақ күресі “Қазақстан барысы” 2010-2019